23.07.2019, 17:24
Қараулар: 160
Адал қызмет – азаматтық міндет

Адал қызмет – азаматтық міндет

Облыс орталығынан «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының мамандары ауданымызға келіп, бірнеше ауылдық округтерде болды. Ең алдымен Қоскөл ауылдық округі халқымен кездесіп, тұрғындар өтініштерін тыңдады.

 

 

 

 

 

 

 

«Ақжайық – адалдық ала­ңы» жобасының мақсаты – Батыс Қазақстан облысында аза­маттардың мемлекеттік билік инс­титуттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуа­лын қалыптастыру.

Жиында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Әлия Сәлиева жобаның мақсат, міндеттерін түсіндіріп, жүздесудің еркін форматта пікір алмасу түрінде өтуіне ұсыныс білдірді.

Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, оған қарсы мә­дениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бағы­тында жұмыс істейді.

Әріптесінің пікірін қолдаған БҚО әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас инспекторы Айман Хайруллина мен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Мира Отарбаева мемлекеттік құзырлы мекемелерде мемлекеттік қызметті алушыларға көмек көрсетіп, жұмысына салғыртық танытпай тұтынушының шаруасын бітіруге қол ұшын беру керектігін тілге тиек етті. Арнайы келген мамандар мемлекеттік қызметші ауыл тұрғындарының өтінішін дер кезінде орнатпаудың өзі сыбайлас  жемқорлық қаупін тудыратындығын жеткізді.

Жиынан соң халықпен арнайы жүздесуге келген меймандар ауыл тұрғындарына қабылдау өткізді. Көкейінде жүрген  сауалдарын қойып, тиісінше жауаптар алды. Жергілікті халық тарапынан көтерілген мәселелер шешімін тапқанша мамандар назарда ұстайтындығын жеткізді.

Осындай жиын Қаратөбе, Жусандыой ауылдық округтерінде де жалғасты.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА