23.09.2019, 11:28
Қараулар: 111
Аналар сынға түсті

Аналар сынға түсті

Қаратөбе мәдениет үйінде «Асыл ана» көп балалы аналар байқауы мәреге жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әйел – отбасының ұйытқысы, ізгіліктің бастауы. Байқау осындай қазақы аналарымыздың бейнесін насихаттау мақсатындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа 23 ­– 39 жас аралығындағы 7 ана қатысты.

Өнер сайысында аналарымыз «Әйел – үйдің ырысы» кезеңінде өзін-өзін таныстыру, «Ине-жіптен игілік иірермін» кезеңінде  қолөнер бұйымдарынан өздерінің ісмерліктерін көрсетті. Үшінші «Ата салтым – тәлімді ой сынағым»   кезеңінде қазақтың салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне байланысты  сұрақтарға жауап берсе, «Өнер менің өмірімде» кезеңінде бесік жырын айтып сынға түсті. Соңғы кезең «Әсем киім – әйел көркі» кезеңінде заман талғамына сай ұлттық нақыштағы жұмыс киімі үлгілерін көрсетті.

Шараға қатысушылардың сахнаға жан-жақты әзірліктерімен шыққаны көрініп ақ тұр.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені жусандыойлық Кәмшат Олжатаева жеңіп алып, облыстық кезеңіне жолдама алды. Ал, І орын қоскөлдік Үзілдік Бөлекбаеваға, ІІ орын Қаракөлден келген Гаухар Айдароваға, ІІІ орын сулыкөлдңе Венера Ербөлековаға бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы