4.02.2019, 12:22
Қараулар: 650
Ат баптау өнерін дәріптеді

Ат баптау өнерін дәріптеді

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың ұлттық салт-дəстүрімізді дəріптейтін «Ұлы даланың жеті  қыры»атты мақаласына орай Егіндікөл ауылының  жастар жетекшісі Бейімбет Əміреев пен Егіндікөл ЖОББ мектебінің тəлімгері Еркінғали Жұбановтың ұйымдастыруымен ауыл жастары жəне жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Тұлпар мініп ту алған» атты шара өтті.  

Шара барысында біраз жылдардан бері ат баптап, жылқы үйретудің сырына машықтанған ауыл азаматы Махамбет Құсайынов жастар мен оқушыларға ат ерттеу, ат баптау, жылқы жасы қалайша бөлінетіндігі, жүріс атаулары жайында мол мəлімет берді.

Аталмыш жүрістерден жастар бірі аяңдай, бірі жорғалатып бірнеше шақырымды атпен шауып өтті. Білекті жастар аударыспақ ойынын, шабандоздар ат жарысы ойынын ойнады. Жаңадан үйретілген тайға оқушыларды мінгізіп «ашамай»деп аталатын салт-дəстүрдің жайын таныстырды.

– Шараның негізгі мақсаты атқа міну мəдениетін дамыту жəне оны кеңінен тарату болатын. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, аттың қырсырларын меңгерту. Мектеп оқушыларына ат спорты түрлерін, атқа отыру тəсілдерін үйрету жұмыстары əлі де жүргізіледі, — дейді ұйымдастырушы Еркінғали Қуанғалиұлы.

 

 

 

 

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар