29.03.2019, 9:43
Қараулар: 365
  Ауыл тұрғындарының өтініштері тыңдалды

  Ауыл тұрғындарының өтініштері тыңдалды

           «Нұр Отан»  партиясының XVIII съезінде тапсырылған тапсырмаларды орындау мақсатында Аққозы ауылдық округінде жиын өтті. Ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиналыста ауыл тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек төлеудің  жаңа механизміне сай өзгерістер таныстырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.       

Айтулы жиында аудан басшы Жанат Асантаев ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселерге байланысты пікірін айтып, аталмыш көмектің заң шеңберінде жүзеге асырылатындығын алға тартты.

Жиналыс барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали күн тәртібіндегі мәселеге сай округ тұрғындарына слайд арқылы кеңінен түсінік берді.

– Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекет тарапынан ақшалай нысанда берілетін төлем.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әлеуметтік жағдайларына қарай шартты және шартсыз болып екі түрде төленеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отба

 

 

сыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.

 

Мұндай аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек  қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.

Шартты атаулы әлеуметтік  көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады. Бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы. Әлеуметтік шарт 6 айға, қосымша тағы 6 айға созу мүмкіншілігімен жасалады. 2019 жылдың  1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмекке үміткер адам  өтінішімен және куәлігімен ғана жүгінеді.

Қазір осы мәселеге қатысты құжат жинау жеңілдеді, — дейді бөлім басшысы Б.Қайырқұлұлы.

Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселеге орай округ бойынша 4-5 адамның сауалы тыңдалды. Тұрғындар  сауалдарының дені  «Маған атаулы әлеуметтік көмек тие ме?»- деген сауал болды.

Округ әкімі Қоныс Мұқанов, аталмыш көмек  берілген бастапқы жылдары әлеуметтік көмек алып, оған мал сатып алған ауыл тұрғыны Рафик есімді азаматтың кейінен шаруасын түзеп, қазіргі таңда еңбегінің арқасында өзі тұрғындардан мал қабылдап, шаруасын кеңейтіп, аяғынан тік тұрғанын көпшілікке үлгі етті.

Округте өткен жиналысқа  аудан басшысының көмекшісі М.Мерекеұлы, бөлім басшылары  А.Асқарұлы, Г.Серікқызы, жұмыспен қамту орталығының жауапты қызметкері А.Көлбаева қатысты.

 

                                                                              Ерболат РАЙСОВ,

                                                                             Қаратөбе ауданы