8.11.2018, 18:00
Қараулар: 23
«Ашық әкімдік» Жусандыой ауылдық округінде

«Ашық әкімдік» Жусандыой ауылдық округінде

Бүгін Жусандыой ауылдық округінде  аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен   «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

Бұған аудандағы тиісті орындар мен салалар бойынша бөлімдер басшылары қатысып, тұрғындар сауалдарын тыңдады.

 

Аталмыш шара барысынан бұрын  Жусандыой ауылдық  округінің әкімі Талап Қазиевтің  «Парасыз болашаққа. Бірге!»  акциясы аясында жасаған хабарламасы тыңдалды.

«Ашық әкімдік» шарасы барысында Аудан  әкімі  Жанат Асантаевтың қабылдауында  Жусандыой ауылдық округінің жастар жетекшісі Дулат Татешов пен ауылдық округі  әкімі аппаратының бас маманы Нұрғазы Қасымов болды.

Округтегі  жастар жетекшісі Дулат Татешов жастардың спортпен айналысуы үшін округке спорт алаңын салу жөнінде пікірін айтса, ауыл әкімі аппаратының бас маманы Нұрғазы Қасымов өзінің жеке шаруасы жөнінде әңгіме қозғады.

Округтегі  «Ашық әкімдік» шарасына аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Тоғызбаев,  «Нұр Отан»  партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов, Қаратөбе аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Еркебұлан Қуаншалиев, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы  Кенжебек Аймашев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов, аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Жанаргүл Жылқышиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқалиев, аудандық  тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Әмірғали,  аудандық  құрылыс ,сәулет  және қала құрылысы бөлімінің басшысы  Рамазан Қыдырашев қатыстысты.

 

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                  Қаратөбе ауданы