4.02.2019, 19:11
Қараулар: 673
«Ашық әкімдік» – сенімділік кепілі

«Ашық әкімдік» – сенімділік кепілі

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында «Ашық әкімдік» шарасы ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарының көкейкесті мәселелері мен сауалдарының тиімді әрі тез шешілуін қамтамасыз ететін шараға 10 тұрғын келді.

 

 

 

 

 

 

 

Аудан басшысы Жанат Асантаев және аудандық бөлімдер мен сала басшылары тұрғындар өтініштері мен сауалдарына жауап берді.

Қарапайым халық үшін қолайлы шарада 5 адам жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Екі адам тұрғын үй кезегіне тұруға өтініш білдіре келсе, бір тұрғын тұрғын үй құрылысының құжаттамалары бойынша сала басшыларынан кеңес алды. Тұрғындар тарапынан қойылған атаулы әлеуметтік көмекке байланысты сауалға аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Назира Жұмағалиева консультативтік түсінік берді.

«Ашық әкімдік» шарасына келгендер қатарында Қаратөбе ауылының тұрғыны Оралхан Акимов та бар. Ол тұрғын үй салу үшін жер алуға өтініш білдіре келіпті. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Рамазан Қыдырашевтан кеңес алып, ауылдық округ әкімшілігіне жер кезегіне тұруға өтініш жазатын болды.

Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абылай Тажкеновқа жолыққан ауыл тұрғыны Абат Мұхамбетияров кәсіп бастау үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелуге кеңес алды. Ол болашақта шағын кәсібін ашып, аралас мал шаруашылығымен айналыспақшы.

Көкейдегі сауалдары мен түйткілді мәселелерін билікке ашық жеткізе алатын аталмыш шараның халыққа берері көп. Осындай кездесулер мен қабылдаулардың өтуіне тұрғындар ризашылығы жоғары. «Ашық әкімдік» шарасы жиі өткізіліп тұрса халықтың билікке деген сенімі еселене түсері сөзсіз.

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы   

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар