15.02.2019, 18:30
Қараулар: 201
Балалар бөлімде қонақта

Балалар бөлімде қонақта

    Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар және №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Оттан, тұншықтыратын иістен абайла!» айлығы аясында  Мұхит атындағы ЖОББМ-нің оқушыларына «Ашық есік күнін» өткізді. Азаматтық қорғаныс пен өрт қауіпсіздігі ережесін насихаттау, құтқарушылар беделін көтеру бағытында өткен шарада оқушылар өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен олардың қолданыстағы жабдықтарымен танысты. 

Құтқарушылар өз кезегінде оқушыларды өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері мен төтенше жағдайлар орын алғанда атқаратын әрекеттер турасында таныстырды. Балалардың назарына жедел қызметтерге ойнап хабарласуға болмайтынын және сол мезетте басқа адамдарға көмек қажет болуы мүмкін екендігін ескертті.

Экскурсия барысында қонақтарға өрт сөндірушілердің қызметтік бөлмелері, байланыс нүктесі, қарауыл қызметінің демалыс бөлмесі және оқу залы көрсетілді. Балалар өрт сөндіру бөліміндегі қызметтік бөлмелермен танысып болғаннан кейін, жауынгерлік көлік құралдарымен танысу үшін көлік тұрағына қарай беттеді.

Өрт сөндірушілер жұмысына қызығушылық танытқан оқушылар ештеңе жіберіп алмауға тырысып, аса ықыласпен тыңдады.  Оларға өрт сөндірушілердің биік ғимараттарды жалын шарпыған жағдайда өрт баспалдағымен қалай көтерілетіндігіне қызығушылық танытты.

Құтқарушылардың апат және төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылатын құтқару және көлік құралының жабдықтары көрсетілді. Балалар түтін бөлмелерге қауіпсіз кіріп-шығатын маска мен өрт сөндіруге арналған киімдерін киіп көрді.

Экскурсиядан мол әсер алған олар құтқарушы мамандарға ризашылықтарын білдіріп көңілді тарқасты.

 

 Мэлс ЫСҚАҚОВ,

Қаратөбе ауданы ТЖБ-і бастығы,

азаматтық қорғау подполковнигі