27.02.2019, 10:49
Қараулар: 165
Басты мақсат – ел әлеуетін арттыру

Басты мақсат – ел әлеуетін арттыру

Еркінбек ЖӘНІБЕКОВ,

 партия ардагері: 

– «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын талқылап, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Аталған съездің партиямыздың 20 жылдығы аясында басты іс-шара болғандығы алдағы жылдардағы мақсат міндеттерді анықтап, саяси ұйымның одан әрі жаңғыруына тың серпін берді деп есептеймін.

Еліміздің барлық өңірінен съезге қатысқан делегаттар белсенділік танытып, Елбасымыздың, партияның төңірегіне тығыз топтасқандығын, берік бірлігі мен мызғымас ынтымағын көрсетті. Елбасымыз ұстанған сарабдал саясатқа деген адалдығын танытты.

Съезде мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасап, өткенімізді саралап, саяси партия алдына нақты міндеттер қойды.

Еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда жеткен жетістіктерді, қоғам алдына қойған мақсат-міндеттерді орындауда  «Нұр Отан» партиясының рөлі зор. Партия ардагері ретінде айтарым, осы жылдар ішінде «Нұр Отан» халықтың үлкен сеніміне ие болды. Ал сенім – халықтың партияға берген ең үлкен бағасы дер едім.

Елбасымыз Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыр ауқымындағы істерді атап көрсетумен бірге, бүгінгі қиыншылықтарды да жасырмады, күні ертеңгі атқарылуы тиісті шаруаларды, оларды жүзеге асыру тетіктерін қолмен қойғандай баяндап берді. Мен өзім Елбасының сөзін ықыласпен тыңдадым, өйткені онда ең алдымен халықтың, елдің мүддесін қозғайтын мәселелер қамтылды. Соның ішінде аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру, өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгерту.

Жалпы алғанда жаңа бағадарлама тұғырымызыды нық тұруға жеткізетін жолдарды анық көрсетті.