1.04.2019, 11:29
Қараулар: 371
Библио кеште басқосты

Библио кеште басқосты

Қаратөбе ауданық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Кітапхананың кешкі әлемі» атты библио кеші өтті.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білім де, білгір,  ұлтының терең тарихы мен бай тілінен сусындаған, ойы озық, өрісі кең, рухы биік, талабы таудай жастардың қолында.

Әдеби шарада оқырмандардың кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру. Сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып, оларды адамгершлікке, мейірімділікке, шындыққа, ізгілікке әдептілікке үйрету.

Рухани кештегі  «Таныс болайық» тренингінде оқырмандарды бір-бірімен жақын таныстыру, қатысушылар арасында жақсы түсінушілік, достық қарым қатынас орнату болып табылды. Келесі «Квест» интеллектуалды ойынында жан жақтылыққа, шапшаңдылыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге қабілеті болуға шақырды. Кітап қорына келіп түскен құпия сырға толы жаңа әдебиеттермен «Кітапханалық лабиринт» бөлімінде танысты.

Кітапхананың екінші қабытында балалар бөлімінде өткен «A’debi vizit» бөлімінде шараға қатысушылар гитарамен әндер шырқап өнерлерін ортаға салды.

Шарада кітапханалық инновациялық жұмыс формалары арқылы оқырмандарды тарту, жастарды кітап оқуға, рухани ордаларда тиімді уақыт өткізуге арналған «Мәңгілік елге – кітаппен бірге» библио-кафемен жалғасып, «Кел, шырқайық!» караоке кешімен аяқталды.

Библио кешке колледж студенттері мен мектеп оқушылар қатысты. Танымдық кеш барысында белсенді қатысқан оқырмандар сыйлыққа ие болды.

                                                                                                                               Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

                                                                                                Қаратөбе аудан