19.03.2019, 12:49
Қараулар: 84
Білікті мұғалімнің жетістігі

Білікті мұғалімнің жетістігі

Жуырда Орал қаласының А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы базасында өткен «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2019» атты облыстық байқауына  Нұршат Самарқанов қатысып, жүлделі ІІІ орыннан көрінді.

Байқаудың мақсаты – педагогикалық технологияларды жетік меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби біліктілігі жоғары, талантты педагогтерді анықтау және қолдау болып табылады.

Аталмыш сайысқа 15 үміткер қатысып бақтарын сынады. Олар біліктілік тестілеуі, жаңашыл педагог, ашық сабақ, спорттық іс-шара кезеңдерінде өзара  сынға түсіп, біліктіліктері мен білімдерін  ортаға салды.

Облыстық байқауға ауданымыздың намысын қорғай барған Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Нұршат Ғұбайдоллаұлы оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында үнемі спортпен шұғылдануға үйретіп келеді.

Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Нұршат Ғұбайдоллаұлының 6 жыл еңбек өтілі бар. Осы жылдар аралығында шәкірттері аудандық, облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр.

 

 

 

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы