5.09.2019, 11:53
Қараулар: 325
Білім ордасына сый жасады

Білім ордасына сый жасады

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Аққозы орта мектебінде ізгілікті іс жүзеге асты. 

«Бөлекбай» шаруа қожалығының жетекшісі Тимур Бөлекбайұлы  білім ордасына демеушілік жасап, көмек қолын созды.

Қожалық иесі Тимур ұлттық мұраны, дәстүріміз бен мәдениетімізді жаңғыртып, мектеп оқушыларына 10 дана домбыра сыйға тартты.

Сонымен қатар, «Салық» шаруа қожалығының жетекшісі Салық Ермекұлы мектептің 10 сынып оқушысы Эльмира Рафаэльқызына шәкіртақы табыстады.

Шарада округ әкімі Қоныс Мұқанов, аудандық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің әкімгері Айгөлек Андирова, мектеп директоры Айгүл Мәлікқызы сөз сөйлеп, оқушылардың өнерлерін шыңдауға және оқуға деген талпынысын  арттыруға мүмкіндік жасаған  қожалық жетекшілеріне ризашылықтарын білдірді.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы