10.04.2017, 12:20
Қараулар: 276
Бір аптада – қос жеңіс

Бір аптада – қос жеңіс

Жуырда облыс орталығы Орал қаласында өткен ІІІ облыстық «Ғылым эксперименттен басталады — 2017» ғылыми-танымдық зерттеушілер турниріне Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушылары қатысып, олжалы оралды.

Бір аптада – қос жеңіс

— Оқу жылының соңғы тоқсанын ұлағат ұясының шәкірттері мектептің жүлде қорын толықтырумен бастады.  Жаратылыстану-математика бағытындағы білімді насиxаттау және шәкірттердің ғылым саласындағы қызығушылықтарын дамыту мақсатында өткізілген ІІІ Облыстық «Ғылым эксперименттен басталады – 2017» ғылыми-танымдық зерттеушілік турнирінде мектеп-гимназия шәкірттерінен құралған команда үздік танылып, І орынға ие болды. Аталмыш турнирдің «Эрудит» кезеңі бойынша білімпаздар бәсекесінде бақ

сынаған 8 сынып оқушысы Қуаныш Сүйеніш ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Дәл осы аптада Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының облыстық кезеңінде бақ сынаған білім ордасының шәкірті Ләйлі Аманқауыс та жүлдегер атанып, республикалық кезеңге жолдама алды, — дейді мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлнұр Қайыржанқызы.

Райымбек АБАЕВ,
«Қаратөбе өңірі»