25.08.2017, 11:30
Қараулар: 345
Депутат дәрігер

Депутат дәрігер

 Гиппократ антын берік ұстанып, адам жанына араша болатын дәрігерлердің қоғамдағы, адам өміріндегі маңызы айрықша. Біз бүгін әңгіме арқауы еткелі отырған  арнаулы бетіміздің кейіпкері киелі Қаратөбенің Аққозы ауылында 1966 жылдың қыркүйек айының 12-сі күні дүниеге келген жоғары санатты дәрігер, анестезиология-реанимация, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша үздік маман, облыстық клиникалық аурухананың директоры, әріптестеріне елеулі еңбегімен үлгі болып жүрген жерлесіміз Тоқсанов Ерлан Виленұлының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі турасында өрбімек.

Ерлан

Ата-ананың тәлімді тәрбиесін көріп өсіп, бала кезінен білімге, еңбекке құштар болған Ерлан Виленұлы 1983 жылы Орал қаласындағы №11 жалпы орта мектепті аяқтап, 1984 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түседі.Оқуда жүрген студент жас 1985 жылы әскер қатарына шақырылып, әскери борышын сол кездегі Семей облысының Аягөз қаласындағы танк дивизиясында өтейді.
1987 жылы Ақтөбедегі білім ордасына оралып, оқуын жалғастырады.1992-1993 жылдары Батыс Қазақстан облысының облыстық балалар ауруханасында педиатрия бойынша интернатурадан өтіп, сол жылы аталмыш ауруханада анестезиология-реаниматология бөлімшесінде дәрігер-реаниматолог, 1996 жылдың қыркүйек айынан
2005 жылдыңқаңтар айына дейін облыстық балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Ерлан Виленұлы 2005 жылдың 17 қаңтарынан 2007 жылдың қараша айына дейін Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Дарьинск аудандық ауруханасының
бас дәрігері, 2007 жылы Зеленов аудандық мәслихатының депутаты, 2016 жылдың қараша айында облыстық мәслихат депутаты болып сайланды.
2007 жылдың 29 қарашасынан осы уақытқа дейін облыстық клиникалық аурухана директоры қызметін абыроймен атқарып келеді. Білімін жетілдіруге әркез үлкен көңіл қоятын білікті маман ел аумағында және шетелдерде мамандандырылу курстарынан өткен.
2003 жылы Алматы қаласында «Реанимация және қарқынды терапия», 2006 жылы Ақтөбе қаласында «Денсаулық сақтау менеджменті», осы жылдың қараша айында
Израиль елінің Петах-Тиква қаласында «Аурухана ісінің менеджері», 2009 жылы «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи проблемалары», 2011 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Медициналық көмек сапасын басқарудың өзекті сұрақтары. Сараптау қызметінің негіздері» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтауды тиімді басқару», 2012 жылы «Денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды басқару», осы жылы Ұлыбританияның орталығы Лондон қаласында Healthcare Management for Visiting Healthcare Professionals Programme for 80 hours» циклы, 2013 жылы Жапонияның Токио қаласында «Денсаулық сақтау менеджменті», 2014 жылы Америка құрама штаттарында «Сақтандыру медицинасы жағдайында ауруханаларды басқару» циклы бойынша «SABIT» бағдарламасы, 2015 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында «Денсаулық сақтау менеджменті» бойынша курстарда болып, отандық және шетелдік әріптестермен өзара пікір алмасып,
медицина саласындағы жаңа технологиялар бойынша тәжірибе жинақтаған.

Ерлан

Медициналық қызметті өте білікті ұйымдастыра білетін білікті маман Ерлан Тоқсановтың еңбегі ескерусіз қалмады. 2012 жылы Ел тәуелсіздігі күніне орай «Медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, 2014 жылы денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Облыстағы үлкен ұжымды басқарып отырған жан-жақты басшы, отбасының тірегі, ұл-қызының қамқоршысы, ақылшысы Ерлан

Тоқсановтың Қазақстан денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан өзіндік үлесі зор.
Елге сыйлы білікті дәрігердің шипалы қолынан ем алғандар сырқаттарынан арылып, отбасымен қайта қауышып, үлкен қуанышқа кенеліп жүр. Қиын да жауапты
қызметтің өзіндік жетістігі болмақ. Осындай жетістіктер биігінен көрініп жүрген жерлесіміз Ерлан Виленұлы облыс тұрғындары көңілінен шығып жүрген кәсіби білікті дәрігер.
Ерланның әкесі Вилен Тоқсанов ауданның кезіндегі ірі шаруашылықтарының бірі болған Қаратөбе совхозының директоры болып ұзақ жылдар қызмет етіп, ауданның
экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосқан белді басшылардың бірі болды.
«Әкеге тартып ұл туар» демекші, Ерлан Виленұлына әкесі Вилен ағайдың қызметтегі біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті, кәсіби ісіне деген адалдығы мен шеберлігі
сынды ұстанымдары дарыса керек.
Ерлан Виленұлы өзінің кәсіби біліктілігімен облыс жұртшылығына кеңінен танылып, адамдардың алғысына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жан. Ерлан Виленұлының қызметтегі жетістіктерін қаратөбеліктер де мақтан тұтады.

Ерболат РАЙСОВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі