28.02.2019, 11:38
Қараулар: 488
Елдегі оң өзгерістер жарқын болашаққа бастайды

Елдегі оң өзгерістер жарқын болашаққа бастайды

 Нұрзия СОҚАТОВА,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы:

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде:

– Республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады, толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет, көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың тенге төленеді, мүгедек балаларды асырап отырған ата-ана жәрдемақысы 30 пайызға өседі,- деген болатын.

Президент ауылдарды дамытуға 90 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігі беріледі, 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды. Сонымен қатар елімізде көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады, «Құтты мекен» жобасы 7,5 млн. ауыл халқының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Әрине, бұл қуантарлық жағдай. Ана мен баланың құқығы әр уақытта қорғалуы тиіс. Барлық ата-ана балаларының болашағының жарқын болуын қалайды.

Әйел-отбасының ұйытқысы, бала-шаға, үй-ішінің сақтаушысы.

Отбасы өмірінің дәстүрін, адалдығын, табиғи мейірімін қалыптастыратын да әйел-ана.

«Нұр Отан» партиясы әлеуметтік-экономикалық саладағы қол жеткізген табыстар партияның саяси көшбасшылығын одан әрі нығайта түседі.

«Нұр Отан» партиясы – жарқын болашаққа жол ашатын саяси ықпалды күшү. Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен барша аналар атынан құттықтаймын.