11.08.2018, 0:27
Қараулар: 129
         Елжандылық — туған жер перзенттерінің парызы

         Елжандылық — туған жер перзенттерінің парызы

    Мерекелік шара орталық алаңда «Туған жер – алтын бесігім» атты «Жомарт жүрек» меценаттар форумымен жалғасын тапты. 

Меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, қайырымдылық іс, меценаттық пен мейірбандылық идеяларын танымал етуге бағытталған атаулы шарада  аудан әкімі Жанат Асантаев «Жомарт жүрек» силығының лауреаттарын  салтанатты түрде құттықтап, елжанды жерлестердің ауданның игілігі үшін атқарып жүрген ізгілікті істеріне орай алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан басшысы салтанатты шарада «Ерен еріктілік»  аталымымен  Шолпан Қыдырниязованы, «Туған өлке» аталымымен Жарқын Тажғалиев, Құсайын Мұқанов, Мұратбек Мұханбедиев, Болат Исмағұлов, Айбар Бралиев, Талаптан Дауылтаев, Ержан Хасанов, Ермұрат Сариев, Радик Хайровтарды және «Жылдың үздік ұйымы» аталымымен  «Мұхит жастары»  жастар қоғамдық бірлестігін марапатады.

 

 

 

 

 

 

 

Жерлесіміз,елге белгілі ғалым Рақымжан Елешевке ауданның  90 жылдығына тұспа-тұс келген мерейлі 80 жасына орай аудан атынан құрмет көрсетілді. Аудан басшысы Жанат Асылханұлы ел ағасы Рахымжан ағаға салтанатты түрде тұлпарды сыйға тартты.

Атаулы шара өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, мерекелік отшашуға ұласты.

 

 

 

 

 

 

     Ерболат РАЙСОВ,

                                                              Қаратөбе ауданы