6.02.2019, 16:24
Қараулар: 498
Еркін күрестен жүлде алды

Еркін күрестен жүлде алды

 Жуырда Орал қаласында еркін күрестен 1999-2001 жылдары туылған жастар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатына Қаратөбе ауданының өрендері қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Чемпионатқа барлық аудармен қатар қалалық мектептерден барлығы 100-ден астам балуан қатысты.

Еркін күрестің қыр-сырын меңгеріп, белдесулер барысында айла-әдісті шебер қолданып боз кілем үстінде бақ сынасты.

Аталмыш жарысқа ауданымыздың атынан 10 спортшы қатысқан  болатын. Кілем үстінде 7 палуанымыз қарсыластарынан тізе бүксе, 3 палуанымыз боз кілемде атой салып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Күрес нәтижесінде 57 келі салмақ дәрежесінде Қарлығаш Жұбанышова І орынға ие болды. 48 келі салмақта Дәулет Болатов ІІ орынға, 92 келіде Ерлан Мұрат ІІІ орынға қол жеткізді.

Чемпионатқа шәкірттерін үкілеп апарған жаттықтырушылары Азамат Жұматов, Әділ Төреғалиев олардан алдағы уақытта көп үміт күтеді.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы