8.03.2019, 17:06
Қараулар: 363
Ер азаматтар өнер көрсеткен күн

Ер азаматтар өнер көрсеткен күн

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 наруыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әр салада қызмет атқаратын қаратөбелік ер азаматтар нәзік жандырарға арнап сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.

Айтулы күнге орай ардақты әже, аяулы ана, қызғалдақтай қыз-келіншектерге арнайы ұйымдастырылған «Әлемнің жарығы» атты мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сахнаға вокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен жеке дауыста Рүстем Ақташев А.Зацепиннің «Мама» әнін шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ал, Жасұлан Темірғалиев «Сені ойлаймын», Есен Ғұмаров «Әдемі-ау», Сәнжан Байтеміров «16 қыз», «Көзіңнен айналайын», Мерей Амангелдиев «Қасымда бол айым», Жасұлан Рамазанов «Сен туралы», Берік Орынбаев «Аяулы ана» әндерін әуелетіп құрмет көрсетті.

«Керім-ай» халықтық ансамблі «Аққу», украин билерін биледі. Қаратөбе саз мектебінің оқушылар мен жетекшілері «Балбырауын», Думан Орынбасарұлы, Самат Акимов «Ерке сылқым» күйлерін нақышына келтіре отырып орындады.

Өнерлі ер азаматтар көрермен аналарға гүл ұсынып, алғысқа бөленді.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы