16.11.2018, 18:28
Қараулар: 592
Еңбек қатынастары – комиссия назарында

Еңбек қатынастары – комиссия назарында

        Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары  Жасұлан Сұлтанның  төрағалығымен әлеуметтік әріптестік  және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның кезекті отырысы оздырылды.

          Аталмыш комиссияның күн тәртібіне сай үйлерді аралау барысында анықталған «Өзін-өзі  нәтижесіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бекітілген өңірлік кешенді жоспарына сәйкес «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатыстыру, оқыту, әлеуметтік жұмыс орындарына, тұрақты жұмыстарға  орналастыру  жөнінде атқарылған жұмыстар турасында» аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалиева, Саралжын ауылдық округінің әкімі Жасұлан Ермеғалиев баяндап берді.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындау жөнінде жергілікті органдардың атқарған жұмыстары туралы»  аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев өз саласы бойынша  орындалуына тоқталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету, өмір сұру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін бекіту туралы»  №213 қаулысын жүзеге асыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев, аудандық орталық аурухананың директоры Венера Елеусінова, бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы Қоскөл, Қаракөл ауылдық округтері әкімдерінің хабарламалары тыңдалды.

Атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан сауалдар қойып, жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығының қорғалуы, мигранттармен жұмыс, адамдардың  мәртебесін анықтау бойынша атқарылған жұмыстарға баса назар аударды.

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                   Қаратөбе ауданы