21.04.2017, 10:52
Қараулар: 54
Жазасын өтегендер жұмыссыз қалмайды

Жазасын өтегендер жұмыссыз қалмайды

Осы аптада аудандық прокуратурада аудан әкімі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралар атқарылатын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші органның ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жазасын өтегендер  жұмыссыз қалмайды

Шарада аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе, аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарды кәсіби білім беруге, әлеуметтік немесе тұрақты жұмысқа орналастыру туралы аудандық пробация қызметінің
инспекторы Нұржан Есқара статистика бойынша мәлімет келтіріп, баяндама жасады. 2017 жылдың І тоқсаны бойынша жұмысқа орналастырылған немесе алдағы уақытта есепте тұрған,
сотталған тұлғалар жұмысқа  орналасу мәселесі бойынша  аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Батырғали Тойшыбаев хабарлама жасады.  Аққозы ауылдық округінің әкімі
Қоныс Мұқанов Аққозы ауылында  тұратын қоғамнан оқшауға байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тұрмыс жағдайы мен жұмысқа орналасулары жөнінде жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті. Жиын соңында аудан  прокуроры Ғалымбек Мұхитов ауылдық округ əкімдеріне сотталғандардың жұмысқа тартылуын қадағалауды міндеттеді.

Райымбек АБАЕВ, 
«Қаратөбе өңірі»