18.03.2019, 12:40
Қараулар: 67
«Жайық толқыны» байқауынан жүлдемен оралды

«Жайық толқыны» байқауынан жүлдемен оралды

 Орал қаласында дәстүрлі «Жайық толқыны» фестивалі қорытындыланып, үздіктер марапатталды. Мектеп оқушылары қатысқан өлкетану сайысы алты аталым бойынша өткізіліп, жүзден астам дарынды жасөспірім білім деңгейлерін байқатты.  

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасының және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен  өткен байқауға Қаратөбеден аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Өнерлі өңірдің шәкірттері фестиваль  қортындысында «Жас ақын» атылымы бойынша сынға түскен Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушысы Бисенғали Саябек (жетекшісі Самал Есқожина) бас жүлдені және «Жас таланттар» бөлімінде  сахналық көріністе халық аузында сақталған шешендік сөздер туралы көрініс көрсеткен Мұхит атындағы орта мектептің командасы жүлделі екінші орынға (жетекшісі Гүлімхан Қалиева)  ие болды.

Жеңімпаз командалар  облыстық білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы