23.07.2019, 17:08
Қараулар: 709
 Жартыжылдық жұмыс қорытындыланды

 Жартыжылдық жұмыс қорытындыланды

Шілденің 23-і күні Қаратөбе аудандық сотында сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірованың жетекшілігімен сот төрелігін жүзеге асыру, ағымдағы жылдың 6 айының қорытынды жұмысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың, билер кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің, кәсіби емес медиаторлардың, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы және бөлімнің учаскелік полиция инспекторларының және ауылдық округ әкімдерінің, аудан әкімі аппаратының мамандарының  қатысуымен сот брифингі оздырылды. 

Брифинкте сот төрайымы Бақытгүл Шабайқызы аудандық сот бойынша  6 айда атқарылған жұмыстармен  қатар сот жүктемесін азайту аясында жұмыстанып жатқан  билер мен кәсіпқойемес медиаторлардың  жүргізген жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Сот төрайымының айтуынша  ағымдағы жылдың  І  жартыжылдығында 12 тұлғаға қатысты 12 қылмыстық іс, 48 азаматтық іс, 116 әкімшілік іс қаралған. Алты қылмыстық іс қысқартылған. Қысқартылған 6 қылмыстық іс медиация бойынша тоқтатылған.

–  Сот жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатыр. Сала мамандарының сапалылығына үлкен мән берілуде. Сотқа жетпей көптеген даулар екі тапаптың татуласуымен шешіліп жатыр. Сот жүктемесін азайту бағытында жұмыстанып жатқан билер мен медиаторлардың қоғамдағы рөлі зор, — деді сот төрайымы Бақытгүл Шабайқызы.

Брифингте сөз алған Қаракөл ауылдық округі бойынша кәсіпқой емес медиатор Ерболат Рамазанов округте кездескен  жеке тұлғалар арасындағы даулар туралы айтты.

 

                                                                             Ерболат РАЙСОВ