26.10.2018, 17:56
Қараулар: 11
Жастармен өткен әсерлі кездесу

Жастармен өткен әсерлі кездесу

Бүгін аудан әкімі Жанат Асантаев Қаратөбе колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауы туралы әңгіме өрбіді.

Жастармен кездесу барысында аудан басшысы Елбасы Жолдауының басым бағыттары туралы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы баяндады.

–  Елбасы жастарға үнемі зор сенім артып келеді. Сондықтан да келер жылды «Жастар жылы» деп бекітті.  Жас буын өкілдері сіздер болғаннан кейін бұл өздеріңізге артылған үлкен сенім.

Әрбір жастың ойында «Мен не істей аламын?», «Қандай жетістікке жетіп, елімнің дамуына үлес қоса аламын?» деген сұрақ болуы қажет. Егер сіздердің тараптарыңыздан жаңа жоспарлар мен тың бастамалар болатын болса, біз әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз, — деді аудан әкімі Жанат Асылханұлы өз сөзінде.

Өз кезегінде сөз алған Қаратөбе колледжінің тігін мамандығының шебері Ақбөбек Ғатауова болашақта аудан орталығынан тігін шеберханасын ашып, өз студенттерін жұмыспен қамтуды жоспарлап жүргендігін айтты. Аудан басшысы осы орайда жігерлі жастың ынтасына қолдау болатындығын тілге тиек етті.

Кездесу барысында сөз сөйлеген колледж жастарының жетекшісі Асланбек Жұбанғалиев  студенттердің атқарып жатырған жұмыстарына тоқталып, Жанат Асылханұлын «Руханият» студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі болуға шақырды. Студенттер ұйымымың төрағасы Азат Заңғалиев аудан басшысына ұйымның  мүшесі екендігін айғақтайтын куәлікті салтанатты түрде табыс етті.

Қызыққа толы жарасымды кездесу соңы әуезді әсем әнмен аяқталып, колледж студенттері аудан әкмімен естелік суретке түсті.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы