16.11.2018, 11:39
Қараулар: 98
Жастар жайдарманшылармен кездесті  

Жастар жайдарманшылармен кездесті  

 

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен 17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай аудан жастарының  Жайдарман ойыншыларымен кездесу кеші өтті.

Ауданымыздағы «Қаратөбе» жайдарман лигасы  «Жайдарман» әлеміне қанат қаққан жас буынның армандарының орындалуына септігін тигізіп, мол мүмкіндік жасауда.  Осы орайда, әзіл әлемінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан аға буынның жас буынға керек кеңесі мен айтар ақылы қымбат екені даусыз. Жастармен кездесуге «24 сағат» КТА командасының мүшесі Асланбек Жұбанғалиев, «Жайық» жайдарман тобының мүшелері Аманат Бектұрсын мен Темірлан Асқаров қатысты.

Кездесуде жайдарманшылар өнер жолындағы қызықты сәттерімен қоса, әзіл әлеміне енді қанат қаққан жылдарын еске түсірді. Сонымен қатар, жайдарманшылардың шығармашылығын шыңдау мен этикасын, сахна мәдениетін, әзілдердің жазылуы жайлы сөз қозғады. Жайдарман әзілдерінің сапасы мен әзілге көрсетілетін қолдаудың аз екендігін де әзілкештер айтып өтті.  Сондай-ақ, жастар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап беріп, алға қойған жоспарларымен де бөлісті.

Шара қызықты ойындармен жалғасып, қоғамдық-мәдени шараларға қатысып жүрген бір топ Қаратөбе колледжінің студенттері алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы