12.04.2019, 18:55
Қараулар: 380
«Жастар және руханият»

«Жастар және руханият»

Бүгін Шөптікөл орта мектеп-балабақшасында  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ізгілік»  қоғамдық бірлестігінің   ұйымдастыруымен  жастарды теріс діни ағымнан сақтандыру мәселелеріне арналған «Жастар және руханият» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге аудандық мешіттің имамы Әділжан Бекқазиев, теолог маман Әмірбек Жәнібеков қатысты. Шара оқушыларды ислам дініндегі ата-ананы, ұстазды құрметтеу, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатын көздеді.

Қазіргі таңда қарттар үйіне ата-аналарын тапсыру қоғам дертіне айналып бара жатқандығы жайлы бейнеролик көрсетіліп,оқушыларға ой салды. Кездесуде ата-аналар, ұстаздар арасындағы балаларының дінге бет бұрысына қарсылық білдіруінің де себептеріне тоқталған аудандық мешіттің имамы Әділжан Төлебайұлы, діни медресселерге оққығысы келетін жастарды ата-аналарымен бірге ақылдасып, білікті мамандардан кеңес алуға шақырды.

– Иман жолындағы бала ешқашан ата-анасын, ұстазын ренжітпеген, құрметтеген. Оқушыларды дұрыс тәрбиемен білім алуы, асыл дінімізді ұстануы маңызды мәселе. Біздің отанымызға теріс ағымның жетегінде кетпей, еліне адал қызмет етер, саналы, иманды ұрпақ ел болашағы, — деді «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Әлібекұлы.

 

Раушан МЕРГЕНОВА

Қаратөбе ауданы