18.06.2019, 10:08
Қараулар: 628
«Жасыл елдіктер» жұмысын бастады

«Жасыл елдіктер» жұмысын бастады

2004 жылы Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Жасыл ел» жобасы жыл сайын мыңдаған жалынды жастың басын қосып, жазғы мезгілде жұмыспен қамтып келеді. Ауданымызда биыл  2-ші жыл қатарынан студенттер өз демалыстарын тиімді өткізуде.

 

Биылғы маусымда аудан бойынша 60-қа жуық жас жұмысқа тартылмақ. «Жасыл елдік» жастар аудан орталығының көркеюіне атсалыспақшы. Жасыл желектерді баптап, ағаштар мен гүлдерді суарады. Көгалдар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден тазартады.

Жастар жасағы осы маусымдағы еңбектері үшін жалақы да тағайындалған. Жұмыс күндері дүйсенбі мен жұма аралығына белгіленген.

Айта кеткен жөн, жас жұмысшыларға еңбек шарты мен жұмыс тәртібі түсіндіріліп, еңбек формасы тапсырылды. Олар бекітілген бағыт бойынша бөлініп, өз жұмыстарына кірісті. Жасыл елдіктер ауылды абаттандырумен ғана емес, мәдени-көпшілік шараларда ерікті ретінде де жұмыстанатын болады.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА