26.11.2018, 18:19
Қараулар: 475
 «Жас барыстан» ақжолтай хабар

 «Жас барыстан» ақжолтай хабар

Ақмола облысы, Шучинск қаласынанда жылдағы дәстүр бойынша қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында «Жас барыс» республикалық турнирі өтті. Аталмыш жарысқа облыстық құрама  сапында жерлесіміз Райымбек Өтепов қатысып жүлделі орыннан көрінді.

Қаратөбелік өрен Райымбек Бекболатұлы  46 келі салмақ дәрежесінде облыстық іріктеу кезеңінде жеңіс тұғырына көтеріліп, республикаға жолдама алғандығынан хабардар еткенбіз.

Республикалық «Жас барыс» турниріне еліміздің облысы мен  қалаларынан сайдың тасындай мықтылар барғаны белгілі.

Үш күнге созылған республикалық жарыста жерлесіміз Райымбек 46 келі салмақ бойынша қарсыластарына дес бермей боз кілемде атой салып,  нәтижесінде ІІІ орынға қол жеткізді.   

Жас палуан Райымбек осыған дейін қазақ күресінен талай жарыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Қазақ күресінің әдістәсілдерін жақсы меңгеріп, боз кілемде қарсыластарын тізе бүктіргендігіне куә болып жүрміз.  Оны бала жастан күрес өнеріне баулып, түрлі додаларға қатыстырып жүрген жаттықтырушысы Роман Сыдықовтың еңбегі зор.

          

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы