13.11.2018, 12:14
Қараулар: 155
«Жас барыста» жақсы нәтиже көрсетті

«Жас барыста» жақсы нәтиже көрсетті

Қазақ күресінен 1998-2000 жылғы жастар, 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер және 2003-2004 жылғы кіші жасөспірімдер арасында өткен «Жас барыс» облыстық іріктеу турнирінде қаратөбелік жас палуандар  жақсы нәтиже көрсетті.

 

         Олардың қатарында  46 келі салмақ бойынша  Райымбек Өтепов (жаттықтырушысы Роман Сыдықов), турнир жеңімпазы атанды. Ол қараша айының 22-27-сі күндері Бурабай қаласында өтетін «Жас барыс» турниріне жолдама алды.

Аталған турнирде боз кілемде түрлі салмақ дәрежесі бойынша белдесіп  ІІІ орынға табан тіреген  жас палуандар қатарында Ақылбек Асылбекұлы, Мұқағали Өтепов, Әлішер Идешов, Нұрдәулет Хайрелов, Дәулет Болатов, Дәулет Ғабитов бар.

Екі күнге созылған  облыстық «Жас барыс» додасында қаратөбелік жас палуандар сенім үдесінен шықты.

 

 

 

                                                                           Ерболат РАЙСОВ,

                                                                            «Қаратөбе өңірі»