13.11.2018, 12:06
Қараулар: 27
Жас палуандар  жүлдемен оралды

Жас палуандар  жүлдемен оралды

Самбо күресінен Бүкілқазақстандық жазғы спартакиада жеңімпазы, самбо және қазақ күресінен КСРО спорт шебері Иват Еришевті еске алуға арналған қазақ күресінен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер және 50 жастан жоғары  ардагер  спортшылар арасында Орал қаласында  ашық қалааралық турнир өткен болатын.

 

         Астана, Петропавл қалаларынан, Атырау, Ақтөбе,Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан, облыс орталығы Орал қаласы мен облыс аудандарынан қатысқан  19 команда бойынша өткен ашық турнирден қаратөбеліктер 50 келі салмақ дәрежесінен Мұқағали Өтепов жүлделі (бапкері  Роман Сыдықов ) ІІ орынды иеленсе, Дәулет Болатов (Бапкері  Жақсат Қажымов) 46 келі салмақ бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Ардагер спортшы  Армат Сисенов аталмыш турнирде 60 келі салмақ дәрежесінде ардагер палуандар арасынан ІІІ орынды еншіледі.

 

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                «Қаратөбе өңірі»