10.06.2019, 18:44
Қараулар: 258
Жас түлектердің қамқорлығы

Жас түлектердің қамқорлығы

Мұхит атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары қаратөбелік Талшын Мұхамедиярованың үйінде болып, көмек көрсетті.

Мектеп бітірушілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен Талшын әжейдің жағдайын біліп, үйінің бөлмелерін, ауласын тазалауға қол ұштарын берді.

Оқушылардың ата-аналары және ұстаздары қастарында бірге жүріп жастарға үлгі болды. Мектепті бітіріп, үлкен өмірге аттағалы тұрған жас түлектер сауабы мол қайырымдылықты қолға алып қарт әженің алғысына бөленді.

Ата-аналар атынан мектеп бітірушілердің қасында жүрген Эльмира Байғарина:

– Балаларымыздың бастамасын құп алып Талшын апамыздың үйіне келіп, көмектестік. Балаларымызды жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу біздің міндетімі. Үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйренген балалар тәрбиелі болып өспек, — дейді.

Көмекке барған жастар Талшын әжейге азық-түлік пен күнделікті  пайдаланатын тұрмыстық заттарды табыстады.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы