22.11.2018, 11:25
Қараулар: 152
Жас құтқарушылар мадақталды

Жас құтқарушылар мадақталды

            Жуырда Орал қаласында облыстық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында балалар мен жасөспірімдердің бойында төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзіндік және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында жас құтқарушылар жасағының слеті өткен болатын.

Аталмыш байқау 6 командалары арасында тартысты өтті. Аудан намысын қорғай барған жасөспірімдер түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп жалпы командылық есепте ІІ орынды бағындырды.

Жас құтқарушыларымыз «Су айдындарындағы іздеу-құтқару жұмыстары» мен  «Алғашқы медициналық көмек көрсету» кезеңінде І орыннан көрініп топ бастаса, «Авариялық құтқару жұмыстарында» және «Өрт сөндіру эстафета» кезеңдерінен ІІ орынды еншіледі. Ал «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары», «Қабырға газеті» және «Команданы таныстыру» кезеңдерінде сәл босаңдық танытып ІІІ орынды қанағат тұтты.

Қаратөбе ауданының ТЖ бөлімі бастығының м.а, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов Мұхит атындағы  жалпы орта білім беру мектебіне барып облыстық жас құтқарушылар слетіне қатысып, үздіктер қатарынан көрінген оқушыларды құүттықтап, сайысқа белсене қатысқан өрендерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

 

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы