31.07.2019, 9:45
Қараулар: 425
Жағажай  волейболынан жеңіспен оралды

Жағажай  волейболынан жеңіспен оралды

    Жуырда Сырым ауданының  Бұлдырты ауылдық округіндегі Бұлдырты өзенінің жағасында жағажай волейболынан  аудандық ашық турнир өткен болатын.  Турнирде тамаша ойын өрнегін көрсеткен ауданымыздың жағажай волейболшылары ерлер және әйелдер командалары арасында жүлделі  І орынды жеңіп алды.

 

Аталмыш турнирге  ерлер арасында 12 команда, әйелдер арасында 7 команда қатысты.

Ерлер арасындағы ойын төрт топ бойынша, ал әйелдер командалары екі топқа бөлініп  ойын көрсетті.

Турнирге  Бұлдыртыдан үш бірдей команда шықса,  Қособа, Бұлан, Сарой, Тоғанас ауылдық округтерінен, Жымпиты ауылынан, Қаратөбе ауданынан және «Қайсар» спорт клубы командалары қатысып, бақтарын сынады.

Ойын барысында жерлестеріміз Асланбек Бауен мен жас волейболшы Дана Мәренова жағажай волейболы турнирінің «Үздік шабуылшы» аталымын  иеленді. Қаратөбе командасының құрамында Ерсін Оспанов пен  Айту Мәулетова шебер ойын өрнегін көрсетті.

Ерлер командалары арасындағы ойында ІІ-ІІІ орындарды Бұлдырты ауылдық округінің  командалары,  ал әйелдер арасындағы ойында  ІІ орынды  Қосаба, ІІІ орынды Жымпиты ауылының командалары қанжығаларына байлады.

 

                                                                    Ерболат РАЙСОВ,

                                                                   Қаратөбе  ауданы