18.03.2019, 10:47
Қараулар: 70
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 2-тармағына және 30-бабының 1-тармағына сәйкес Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың 2019 жылдың 15 наурызындағы №36 өкімімен аудан әкімі аппараты басшысы қызметіне Қуаныш Арыстанұлы Хитаров тағайындалды. 

Хитаров Қуаныш Арыстанұлы 1993 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» бакалавры бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2015 жылы Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

2015-2017 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маманы, 2017 жылдан 2019 жылдың 18 наурызына дейін Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың 14 наурызындағы №6-3 аудандық бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды хаттамасы негізінде, 2019 жылдың 18 наурызынан бастап Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы.