26.02.2019, 15:47
Қараулар: 456
               Жаңа Үкіметке зор сенім артамыз

               Жаңа Үкіметке зор сенім артамыз

Мәулен ҚОЖАХМЕТОВ,

Қаратөбе аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

 

Елімізде отставкаға кеткен бұрынғы Үкіметтің орнына жаңа Үкімет жасақталды. Премьер-Министр Асқар Мамин бастаған жаңа  Үкімет құрамына білікті министрлер енген.

Халық  жаңа Үкіметке үлкен сенім артуда. Елдің жағдайын арттыра түседі  деген үмітте.

Үкімет құрамына елдің қамын, халықтың жағдайын ойлайтын, халыққа адал қызмет атқаратын адамдар келгеніне ел риза.

Жаңадан жұмысқа кіріскен Үкімет  мемлекеттік бағдарламалардың  орындалуына  жан-жақты мән береді деген ойдамын.

Халықты әлеуметтік қорғау ісін жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі.   Сондықтан бұл саланы алға жетелейтін іскер басшы қажет екендігін өмірден көріп келеміз.  Еңбек және әлеуметтік қорғау  министрі болып жан-жақты, білікті тұлға  Ақтөбе облысының әкімі қызметін үлкен абыроймен атқарған Бердібек Сапарбаевтың келуі   қуантады.

Үкімет басшысы мен Үкімет мүшелері Қазақ елінің дамуына, көркеюіне зор үлестерін қосып, халық мүдделерін үлкен абыроймен  орындайды деген сенімдемін.