7.08.2018, 19:06
Қараулар: 877
Жерлестер тартуы  

Жерлестер тартуы  

 

     Бүгін Қаратөбе ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар аяқталып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында аудандағы Қ.Жұмалиев көшесін жарықтандыру, Қаратөбе ауылының кіреберісіне арка орнату жобалары бар.

 

Қаратөбе ауылының азаматы, жеке кәсіпкер Айбар Бралиевтің демеушілігімен Қ.Жұмалиев пен Мұхит көшесінің қиылысынан қоғамдық монша ғимаратына дейінгі  аралыққа 16 көше шамы орнатылды.  Аталған жоба құны 1 млн. 100 мың теңгені құрайды. Түнгі мезгілде көше бойындағы жүргіншілерге жарық беріп тұратын шамдар ауылға көрік бермекші.

Құрылысы шілде айында басталып, күні бүгін ашылуы болған жобаның бірі – Қаратөбе ауылына кіре беріс жолға орнатылған арка. Арканың биіктігі – 8 метр, ұзындығы – 17 метрді құрайды. Жеке кәсіпкер Ержан Хасановтың демеушілігімен жүзеге асқан еңселі арканың ұшар биігіндегі шаңырақ төбесінде қалықтай ұшқан қыран, домбыра, қазақ батырының қаруы бейнеленген және қазақы ою-өрнектермен бедерленген. Құны 3 млн. 200 мың теңгені құрайды.

Қаратөбе ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында тарту жасаған жерлестерге аудан әкімдігі алғысын білдіреді.

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА.

Қаратөбе ауданы