16.05.2015, 7:40
Қараулар: 28
Жеңістің 70 жылдығына жеңілдіктер!

Жеңістің 70 жылдығына жеңілдіктер!

Женис 70


Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арнайы акция ұйымдастырды. Осы акция аясында үйіне табиғи газ тартылған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тұтынған газ үшін жеңілдіктер жасалады.


2015 жылдың 1 мамырынан бастап  үйлеріне табиғи газ қосылған соғыс ардагерлері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ есебінен 682 текше метр газ үшін төлемнен босатылады. Олар осы мөлшерден артық тұтынылған көгілдір отынға ғана ақы төлейтін болады. Мысалы, көпқабатты үйдегі пәтерде тұратын бір абонент айына орташа есеппен 40 текше метр газды тұтынады деп есептейтін болсақ, онда бұл жеңілдікті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан жасалған қомақты сый деп қабылдауға болады. Бұл акция «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалдары жұмыс жасайтын бар аймаққа,  атап айтсақ, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл,  Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  мен  Алматы  қаласына  таралады.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ осы акцияны жүргізе отырып, компания ұжымының атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 70 жылдығымен  құттықтап, оларға  өз  ризашылығын  білдіреді.

Құрметті ардагерлер! Сіздердің арқаларыңызда бүгінгі күні тәуелсіз мемлекетте бейбіт әрі тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Біз сіздердің өшпес ерліктеріңізді әрқашан жадымызда сақтаймыз. Бүгінгі бақытты өмір үшін, ұрпаққа сыйлаған жарқын келешек үшін Сіздерге айтар алғысымыз шексіз!

Құрметпен, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұжымы


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар