19.01.2018, 20:11
Қараулар: 93
Жолдауға үн қосты

Жолдауға үн қосты

Қаңтар айының 19-ы күні Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың қаңтар айының 10-ы күні Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды.

Кітапханадағы шарада «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов, Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамының Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Е.Жәнібеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Самғоллаұлы, аудандық соттың аға сот приставы Н.Ердібеков, аудандық орталық аурухананың дәрігері Р.Есекеева, кітапхананың директоры Г.Бердіғалиева, Мұхит атындағы ЖОББМ-нің мұғалімдері, Қаратөбе колледжінің оқытушылары Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмалар мен міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салып, Қазақ елінің – экономикасы мықты дамыған әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көрінуіне жол ашатын дамудың даңғыл жолы – Жолдаудың 10 бағытының ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталды.

 

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы