4.04.2019, 17:15
Қараулар: 574
«Жолда қабылдау» акциясы басталды

«Жолда қабылдау» акциясы басталды

Қаратөбе ауылының С.Датұлы көшесінде «Жолда қабылдау» акциясы өтті.  Жергілікті полиция қызметінің маманы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Аталмыш акцияда кез-келген адам көкейіндегі сұрағын еркін қойып, тұшымды жауабын алды.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, оның ішінде жол полициясы қызметіне азаматтардың сенімін арттыру және партия мен ел-жұрт арасындағы байланысты нығайту болып табылады.

«Жолда қабылдау» акциясы былтырғы жылы бірнеше рет өткізілген болатын.

Автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы талаптарын сақтамауынан, жылдамдықты арттыру, басқа да себептерден болатын жол көлік оқиғалары тіркеледі. Осыған орай біздің тарапымыздан жол көлік оқиғаларының алдын алу барысында жұмыстар жүргізілуде.

Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Игі іске мұрындық болғандар  осындай алдын алу шаралары келеңсіздіктерді азайтуға сеп боларына сенімдіміз, — дейді Қаратөбе аудандық полиция бөлімі жол полициясының аға инспекторы Айбек Арсенов.

«Жолда қабылдау» акциясының құқықтық тұрғыда құптарлық іс-шаралардың бірі екендігін қатысушылар бірауыздан қолдады.

 

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы