13.12.2018, 19:31
Қараулар: 181
«Жүгірушілер клубы»  тұрғындармен бірге …

«Жүгірушілер клубы»  тұрғындармен бірге …

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың төрағалығымен бұқаралық спортты дамыту және «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру  бойынша  өткен кеңес отырысында  тапсырма берген болатын.  Аталған тапсырмаға сай ауданда құрылған «Жүгірушілер клубы»  аудан тұрғындарын белгіленген аумақта  жаппай жүгіруге тартуды   жоспарлады. 

Осыған орай желтоқсан айының 13-і күні ауданда ұйымдастырылған спорттық  шараның ашылу  салтанатында аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей  Қайырғалиев сөз сөйлеп, «Қаратөбе» спорт клубы алдына  жиналған аудан тұрғындарын   алда келе жатырған Тәуелсіздік күні мерекесімен  және шараның ашылу салтанатымен  құттықтады.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша  ағымдағы жылдың  он айында  спортпен шұғылданушылар саны 4551 адамды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 539  салауатты өмір салтын ұстанатын адамға артып отыр.  Ал, бүгінгі  жүгіруге 60-қа тарта адам қатысты.

Қауіпсіздікті қадағалау  мақсатында жүгірушілер алдында  жол поициясы  көлігі жүріп отырды.

 

                                                                                 Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                  Қаратөбе ауданы