19.11.2018, 12:18
Қараулар: 17
«Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» акциясы

«Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» акциясы

        17 қараша күні Қаратөбе аудандық жергілікті полиция қызметінің бастамасымен«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы республикалық акциясы аясында «Жүргізуші менің өмірімді сақта!» іс-шарасы өтті.

         Шарада аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы қызметкері Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесіп, оқушыларға жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме дәріс оқыды. Мектеп оқушыларымен бірлесе отырып автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыратын үнпарақшалар таратты.


– Шараның негізгі мақсаты  жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады. Жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу басты міндетіміз. Сондықтан осындай шаралар үздіксіз өтіп отырады, — дейді аудандық полиция бөлімінің аға МАИ  полиция майоры Айбек Арсенов.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

        Қаратөбе ауданы