5.12.2018, 11:41
Қараулар: 197
Жәнібектен жүлдемен оралды

Жәнібектен жүлдемен оралды

Қараша айының соңында Жәнібек ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қол күресінен (армрестлинг) ересектер мен 2001 жылы туылған және жасы одан төмен жасөспірім ұлдар мен қыздар  арасында ашық аудан біріншілігі өткен болатын. 

Аталмыш жарысқа Ресейдің Волгоград қаласынан, Орал қаласынан, Жаңақала, Теректі, Тасқала, Жәнібек және ауданымыздың балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы сапында барлығы   90-ға жуық спортшы қатысты. Дүбірлі додада  Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары бақтарын сынап, аталмыш жарыстың жеңімпазы және жүлдегерлері атанды.

2001 жылы туылған және жасы одан төмен жасөспірім ұлдар арасында 30 келі және 65 келі салмақ дәрежелері бойынша күш сынасқан  Мансур Мағзом мен Жандарбек Ниязов ІІ орындарды, Сейілхан Жарылғасымов (40келі) пен Ержан Ерболат (55 келі) жүлделі І орындарды иеленіп жеңімпаз атанды.

        Ал, ересектер  арасындағы шешуші сәтте 60 келі салмақ дәрежесінде мықтылығын таныта білген Ержан Ерболат І орынды жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері  Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің диплом, медальдарымен және арнайы қол күресі статуеттерімен марапатталды.

Осы орайда жас спортшыларды қол күресіне баулып, жеңіске жетелеген балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрқат Нысановтың елеулі еңбегі бар екендігін айта кеткен жөн.

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                                                Қаратөбе ауданы