6.11.2018, 18:20
Қараулар: 81
Кандидаттар  ұсынылды

Кандидаттар  ұсынылды

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық  округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін  сайлауын  өткізу туралы» Жарлығына сай осы уақытқа дейін сайланған Қаратөбе ауылдық округі әкімі Ғалымгерей Қайыргереев өз өтініші негізінде жұмыстан босатылған болатын. Осыған байланысты аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен 2018 жылдың 7 желтоқсан күні Қаратөбе ауылдық округі әкімін сайлау күні болып белгіленді.   

Бүгін аудандық  мәслихаттың мәжіліс залында жергілікті қауымдастықпен өткізілген жиналыста аудан әкімі Жанат Асантаев Қаратөбе ауылдық округі әкімі қызметіне ұсынылған  кандидаттарды таныстырды.

Кандидаттардың қатарында  Қаратөбе ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Мербол Мағзомұлы Есендосов,  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Орынбайұлы Әмірғали,  Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Самғат Серікұлы Зейнуллин бар.  Жиында аудан басшысы аудан активін  Қаратөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттардың өмірбаянымен таныстырды.

 

Қауымдастықпен өткен жиналыста аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев округ әкімі лауазыма ұсынылып отырған үміткерлердің аталмыш қызметке лайықты екендігін айтып, сәттілік тіледі.

 

                                                                              

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы