29.11.2018, 18:15
Қараулар: 439
  Колледжде Елбасы мақаласы талданды

  Колледжде Елбасы мақаласы талданды

       Қараша айының 29-ы күні  Қаратөбе колледжінде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған жиналыс оздырылды.  

Жиынға қатысушылар алдымен колледжде ұйымдастырылған көрмемен танысты. Көрмедегі Елбасы мақаласында айтылған  ел тарихын насихаттау бағытындағы және Қазақстанның алма бағы мен қызғалдақтың Отаны екендігі турасындағы мәліметтер, суреттер мен бейне көрсетілімдерді, түрлі ою-өрнектер мен ұлттық киімдер  үлгісін, «Рухани жаңғыруға» арналған бұрыш материалдарын тамашалады.

Айтулы шара Қаратөбе саз мектебінің оқушыларының орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйінің орындалуымен ашылды.

Шарада алғаш сөз алған колледждің тарих пәнінің мұғалімі Бекайдар Ақташев  мақаладағы «Атқа міну мәдениеті», химия пәнінің мұғалімі Гүлжазира Досымаева «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» және «Алтын адам», колледждің  «Ауылшаруашылық өндіріс шеберіні» мамандығы бойынша ІІ курс студенті Нұрсұлтан Қайсаров «Аң стилі» және «Түркі әлемінің бесігі», орыс тілі пәнінің  мұғалімі Гүлбаршын Ахметшиева  оқушыларының таңдауы болған Күлтегін батыр туралы және «Қазақстан алма бағы мен қызғалдақтың Отаны» бойынша әңгіме өрбітіп, өз ойларын ортаға салды.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыржан Орынбасарұлы, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманша Төлеуов Елбасы мақаласының маңыздылығы туралы әңгімелеп,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес мақаланың  жеті қырына тоқталды.

Елбасы Жолдауларын, бағдарламалық мақалаларын насихаттауда белсенділік танытып, көпшілікке үлгі болып жүрген  колледж ұжымына ризашылығын білдіріп, Елбасы мақаласында айтылған келелі мәселерді жүзеге асыру жолында бірлесе  еңбек етуге шақырды.

Елбасының мақаласын талдау жиналысын қорытындылаған колледж  директоры Мәулен Аманшаұлы, ата-бабаларымыдзың тарихтағы орны, өткен тарихымызды насихаттау бағытында бірқатар жұмыстардың жүргізілгенін айтып, Елбасының ағымдығы жылдың 21 қарашасындағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдауға атсалысып, пікірлерін ортаға салған аудан өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Аталмыш жиынға арнайы шақырылған мекеме басшылары қатысты.

                                                                                    Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                     Қаратөбе ауданы