6.12.2018, 11:12
Қараулар: 392
  Кітапхана –  руханият ордасы

  Кітапхана –  руханият ордасы

              Заман талабына сай ұлттық құндылықтарымызбен рухани байлығымызды сақтау, оны жас ұрпақтың бойына сініру бағытында  аудан кітапханаларында  бірқатар шаралар, креативті жаңа жобалар мен түрлі акциялар жүргізіліп келеді.

Осындай акциялардың бірі Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының өлкетану  бағытындағы «Туған жер» кіші бағдарламасына сай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен  желтоқсан айының 5-і күні аудандық мәдениет үйінде өткен  ауыл кітапханалары акциясының қорытынды кеші «Ауыл тарихы – ел тарихы» деп аталды.

 Аталмыш акцияға қатысушылар алдымен мәдениет үйі фойесіндегі аудан кітапханаларының көрмесін тамашалады.

Сахна шымылдығы кітапханашы қыздардың тамаш биімен ашылды.

Кітапханашыларға арнаған «Арнауын» домбырамен орындаған аудан ақыны, Қөскөл ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Әділбек Әжіғалиев  пен  Ы.Сапарбаевтың шығармасы «Ностальгияны» скрипкада шебер орындаған  Ханкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Венера Нұридденова аталмыш шараға қатысушы көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Аталмыш шараны кіріспе сөзбен ашқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғ.Қайырғалиев акцияның қорытынды кешіне қатысушыларға алғысын білдіріп, мәдени іс- шараларға белсене араласып, елеулі үлес қосқан  бір топ ауылдық округтер әкімдері мен мекемелер басшыларына алғыс хат табыстады.

Сазды кеште кітапханалық жоба «Алтын формуляр»  иегерлері сахна төріне шақырылы, құрмет көрсетілді.

Шарада аудандық кітапхананың үздік оқырманы танылған Әмірбек Жәнібеков кітап туралы ойын өрнектеп,  оқырмандар атынан кітапханашылардың еңбегіне алғысын жеткізді.

Аудандық кітапхана мамандары  атаулы акцияның жұмыстарын іріктеп,  саралап, қорытындылай келе аталымдарға ие болған кітапханаларды атады.   «Жаңа идеялар шыңындағы кітапхана» аталымын ардагер кітапханашы Тәтті Оханова жеңімпаз танылған Шөптікөл ауылдық кітапханасына табыстаса, модельді кітапханалар арасынан  «Интернет кеңістігіндегі кітапхана» аталымын  жеңіп алған Сулыкөл  ауылдық модельді кітапханасына  «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов тапсырды. Сонымен қатар  «Үздік жоба» аталымы кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда  тың идеялар мен креативті жобаларын ұсынып, шығармашылық шыңынан көрінген Егіндікөл ауылдық кітапханасына бұйырды. Аталмыш аталымды ардагер ұстаз Халық Наурзалин, ал кітап көрмесімен көпшіліктің көзайымына айналған Саралжын ауылдық кітапханасына «Үздік көрме» аталымын Мәулен Қожахметов табыс етті.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбану Бердіғалиева «Ауыл кітапханалары фестивалі» облыстық жобасы аясында кәсіби шеберлік пен шығармашылық шыңынан көрінген Аққозы ауылдық кітапханасын марапаттады.

Акция аясында оқырмандарды  кітап оқуға көптеп тартып, акцияға белсене қатысқан Үшана, Бесоба, Ханкөл, Сәуле ауылдық кітапханаларының жетекшілері  марапатталды.

Акция аясында кітапханашылар би билеп, ән шырқап, туған жер туралы ақындар өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырмандарға өнер көрсетті.

 

 

                                                                                

 

    Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                    Қаратөбе ауданы  

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар