2.11.2018, 18:54
Қараулар: 45
        Күн тәртібіндегі басты мәселе – жұмысқа орналасу

        Күн тәртібіндегі басты мәселе – жұмысқа орналасу

     

 

         Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан басшысы Жанат Асантаевтың қабылдауына жұмысқа орналасу жөнінде өтінішпен аққозылық тұрғын  Динара Айбатырова келді.

 

Қабылдауда Динара Болатқызы  денсаулығына  байланысты біраз уақыт жұмыссыз бос отырып қалғандығын баяндап, алдағы кезде қызметке орналасқысы келетіндігін жеткізді. Ол кісінің денсаулық жағдайын ескерген аудан басшысы Ж.Асылханұлы оған  жұмыссыз бос отырған жолдасы, отағасының жұмысқа орналасуы жөнінде ұсыныс  жасады.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімше бастығы Жанаргүл Жылқышиева Динара Айбатырованың жолдасына айлық еңбекақысы 75000 теңге,  жатын орны мен тамақтануы тегін жағдайдағы жұмыс орнына барса деген ұсынысын білдірді.

Аудан басшысы  Жанат Асантаев қабылдауға келген аудан тұрғыны Динара Болатқызының мәселесін шешу бойынша тиісті орындар мамандарына тапсырма берді.

 

 

                                                            Ерболат  РАЙСОВ,

                                                            Қаратөбе ауданы