28.05.2015, 6:53
Қараулар: 73
«Көлікқұмардың»   ақыры

«Көлікқұмардың»   ақыры

zakon-300x255


15 мамырға қараған түні қаладағы Еуразия даңғылының бойындағы аулалардың бірінен «ВА2108» автокөлігін әлдекім айдап әкеткен.


Автокөлік сол күні «Көктем» саяжай қоғамы ауданынан табылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысы бар қылмыскерді іздеуге кірісіп, екі күннен соң криминалдық полиция қызметкерлері ішкі істер құрылымдарында ұры ретінде есепте тұрған 17 жасар бозбаланы қолға түсірді. Тергеу барысы кезінде ол жасаған әрекетін мойындады. Сондай-ақ сол түні Қ. Аманжолов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласынан  «Фольксваген Пассат» автокөлігінің құлпын бұзып, ішінен автомагнитолласын қолды қылған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп, жәбірленушіге келтірген шығындарын анықтауда. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлімі және 188-бабы бойынша қылмыстық іс жүргізілуде.


Қарақшы  қолға  түсті

Мамыр айының 18-і мен 22-сі күндері аралығында өткен «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы ішкі істер органында қарақшылық  қылмысы  үшін іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді. Ұсталған азамат тиісті мекемеге жеткізілді.

БҚО  ІІД  баспасөз  қызметі


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар