30.11.2018, 15:39
Қараулар: 205
Көрерменге ой салған «Қара шекпен»

Көрерменге ой салған «Қара шекпен»

29 қараша күні Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған халықтық театр әртістері Г.Шугаевтың «Қара шекпен» қойылымын көрермендерге сахналап берді.

 

 

 

 

 

 

 

Көрермен көңілінен шыққан «Қара шекпен» спектаклінің қоюшы режиссері Қуаныш Дүйсекеш. Аталған қойылым Тұзар атты иттің иесіне адалдығы жөнінде баяндалады. Қойылымның басты ерекшелігі – адал, ақкөңіл адамдар мен қара ниетті сұмпайылардың бет пердесін аң, құс, жануар ретінде бейнелеп жеткізуі.

Спектакльде суреттелген Тұзар төбеттің қызықты да қиын тағдыры арқылы адам бойындағы пендешілік әрекеттердің болатындығын көре аламыз. Автордың адам мен жануар арасындағы қулық пен адалдық, махаббат пен немқұрайлылық сынды сезімдердің арпалысын салыстырмалы түрде баяндауы, қазіргі қоғамда орын алған түйткілді адамгершілік мәселелерін жаңаша қырынан көрсете білді.

 

 

 

 

 

 

 

Сахналық қойылымда кәрі көкжал мен қаншық қасқыр Көкшулан зұлымдықты көрсетсе, Сылаң түлкі мен қара қарға айлакерлікті, Қосүрей қоян аңқаулық пен аңғалдықты шебер сомдап берді.

Адамзатқа ой саларлық қойылымды әсерлі етіп сахналаған халықтық театрдың әртістеріне көрермендер зор ықыласпен қол соқты. Оқиға желісіне сай сахна декарациясының жоғары талғаммен безендірілгендігін де айта кеткен жөн.

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы