14.03.2019, 19:05
Қараулар: 348
Көрісу күнін туризм орталығы ерекше тойлады

Көрісу күнін туризм орталығы ерекше тойлады

 Көрісу – Қазақстанның батыс өңірінде сақталған қазақтың ежелгі дәстүр. Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын Көрісу күнін Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ерекше атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Туризм орталығының ауласына ақшаңқан киіз үй тігіліп үйірме оқушылары мен орталық педагогтары ұлттық нақыштағы киімдерін киіп мерекені айрықша қарсылады. Оқушыларға ұлттық мейрамды дәріптеген тәрбиелік мәні мол шарада Қыдыр ата келіп ақжарма тілегін арнап, ақ батасын берсе, ертегі кейіпкерлері Алдар көсе, Тазша бала, Қожанасыр өнер көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

Шарада аталмыш мекеменің директоры Берік Нүрекешов сөз сөйлеп оқушыларды мерекелерімен құттықтап, оқуда озат, тәрбиелік мәні бар қоғамдық шараларда белсенді болуға шақырды.

Ерекше тойланған мерекеде тәттілерден шашу шашылып өнерлі оқушылар ән айтып, күй тартты.

Мерекені көтеріңкі көңілмен атап өткен өрендер арқан тартысып, өздеріне арналып жайылған дастарқан басына жайғасып  жаңа пісірілген баусақ пен наурыз көжеден дәм татты.

 

Өз тілшіміз