6.08.2019, 15:40
Қараулар: 467
«Медиация – мәміле алаңы»

«Медиация – мәміле алаңы»

 Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында  «Медиация – мәміле алаңы» тақырыбында шара өтті.  Аталмыш шараға аудан заңгерлері, кәсіби емес медиаторлар мен аудан жастары қатысты.

 

 

 

 

 

 

Жиынға төрағалық етуші аудан әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Хитаров күн тәртібіндегі мәселеге орай медиацияның екі тарапты татуластыру мақсатындағы рөлі мен қоғамдағы маңызына тоқталды.

Аудандағы кәсіби емес медиаторлар Мәулен Қожахметов, Сәния Төлегенова, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаевтар медиацияның қоғам өміріндегі маңызы туралы пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы медиацияның маңызы турасында жиынға қатысушы жастарға түсінік берді.

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Арыстанұлы:

–  Медиаторлар қызметі мәселені сот процесіне жеткізбей екі тараптың келісімі бойынша бейбіт жағдайда тез шешілуіне үлкен ықпал етіп келеді, — деді.

Шарадан соң билер мен кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «Ашық есік» күні оздырылып, оған жеке мәселелерімен келген 3-4 ауыл тұрғынына қабылдау жүргізілді.

 

                                                                                     Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                                                       Қаратөбе ауданы