27.11.2018, 17:49
Қараулар: 69
Мемлекеттік қызмет көрсету жайы талқыланды

Мемлекеттік қызмет көрсету жайы талқыланды

         Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аппарат басшысы Нұрболат Тоғызбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдау жасау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін қадағалау мақсатында жиналыс өтті. Жиналысқа дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен жауапты мамандар қатысты.

         Күн тәртібіндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша аудан әкімі аппараты жалпы бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Мұхтар Шайжанов хабарлама жасады.

Сонымен қатар, жиналыста аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Лилида Сайнова атқарушылық тәртіп және мемлекеттік қызметтер туралы баяндады. Ол өз баяндамасында мемлекеттің қызмет көрсетудің уақытылы және сапалы жүргізілуі қажет екендігін атап өтті.

– Ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есептік мәліметтермен бірге ауылдық округ әкімі аппараттары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілетін қызметтердің саны, түрлері туралы ақпарат ұсынуы тиіс. Ағымдағы жылдың қазан айының 31-і күні Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты мен аудандық құрылыс бөлімінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті маманының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсетуге тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді түзету барысында қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде, — дейді Лилида Саматқызы.

Сонымен бірге орындалуы тиіс хаттардың қатесіз әрі уақытылы орындалуына тоқталды. Қажетті мәліметтерді мерзімінен кешіктіріп, сапасыз орындаған бөлімдер мен мекемелерге ескерту берілді.

Күн тәртібіндегі «Е-қызмет» ЫАҚ жүргізу сұрақтары, мемлекеттік қызметшілердің имиджі, аудан әкімдігіне ұсынылатын НҚА туралы аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің бас маманы Набира Мәрбанова тоқталып өтті.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы