21.06.2019, 19:54
Қараулар: 530
Мерейлі мерекелер ұлықталды  

Мерейлі мерекелер ұлықталды  

Қаратөбе ауданында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және  Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

 

Салтанатты шарада алдымен ардагер мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды.

Мерекелік шарада аудан әкімі Жанат Асантаев сөз сөйлеп, мемлекеттік саясаттың басты ресурсы болып, лауазымды міндеттерін үлгілі орындаған  мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, ел тыныштығын күзету бағытында жемісті еңбек етіп келе жатқан құқық қорғаушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жанат Асылханұлы өз кезегінде Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппараттарының жетекші маманы Зина Тлеповаға облыс әкімінің, Саралжын  ауылдық округі әкімі аппараттарының бас маманы Есқабыл Сафин мен аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Есенгүл Рабаеваға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің БҚО бойынша департаменті басшысының және бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлеріне аудан әкімінің алғысхатын табыстады.

Салтанатты шарада аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Қайрат Хасенов әріптестерін айшықты мерекелерімен құттықтап, бірқатар сала мамандарын марапаттады.

Мерекеге орай мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілердің ант қабылдау рәсімі жүргізілді. Қаратөбе ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы Дана Зинуллина мен аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Әсемгүл Мусағалиева салтанатты түрде ант қабылдады.

Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласты.

 

Раушан МЕРГЕНОВА,

Қаратөбе ауданы